«АйМақ-Тау» сауда орталығы

2006 жылдың қаңтар айында «АйМак-Тау» сауда орталығы бас қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін өз есігін ашты.

Сауда орталығы заманауи техникалық талаптарға сай келеді. Келушілер мен жалға алушылардың ыңғайлығы үшін жүк-жолаушы жеделсатысы бар. Ғимарат заманауи қауіпсіздік жүйелерімен және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

1-ші қабатта: ұялы телефондар мен цирфлық техника сатылады, ұялы телефон байланысының қызметтері үшін төлем қабылдау бөлімшесі, фотосалон, оптика, жайлы дәмхана, валюта айырбастау бөлімшесі, банкоматтар, балалар тауарларының дүкені және т.б. орналасқан.

2-ші және 3-ші қабаттарда: киім мен аяқ киімнің барлық түрлері, былғары галантереясы, сұлулық салоны, тігін салоны орналасқан.

Алдағы уақытта Сейфуллин және Аймауытов көшелерінің бойында Сауда – ойын-сауық кешенін салу жоспарлануда. Бұл – Астананың тұрғындары мен қонақтарын таңғалдыратын ірі жоба. Бұл кешенде сапалы шопингті ұйымдастырумен қатар, келушілер үшін бос уақытты өткізу саласы, соның ішінде көп залдық кинотеатр-мультиплекс, фуд-корт, балаларға арналған көңіл көтеру бөлмесі, боулинг және т.б. болады. Сондай-ақ кешеннің құрамына жерасты және жерүсті паркингтері, қонақ үй, мейрамхана және бизнес-орталық кіретін болады.