«Игілік-1» көп пәтерлі тұрғын үйінің ашылу салтанаты


2020 жылғы 12 ақпанда «АйМақ-Инвест Групп» компаниясының кезекті жобасына айналған «Игілік» тұрғын алабының құрамына кіретін жаңа «Игілік-1» көп пәтерлі тұрғын үйінің ресми таныстырылымы өтті.

Ашылу салтанатына Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Жантеміров А.С., Қоянды ауылдық округының әкімі Есеев А.Ж., тұрғын үйдің құрылысына тікелей қатысқан мердігерлік ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, сондай-ақ «АйМақ-Инвест Групп» компаниясының ұжымы қатысты.
Таныстырылым аясында қызыл үлдір ресми түрде кесіліп, содан кейін барлық шақыртылған қонақтар үшін тұрғын үймен таныстыру экскурсиясы өткізілді.


Одан әрі «АйМақ-Инвест Групп» компаниясының құрылтайшысы Ысқаков Ерқанат Қизатұлы жиналған барлық қонақтардың көзінше тұрғын үй құрылысына белсенді ат салысқан мердігерлік ұйымдарына алғыс плакеткаларын салтанатты түрде тапсырды, олардың арасында мынадай ұйымдарды атап өтуге болады:
1. «Бек-Жол НС» ЖШС – директоры Бекмагамбетов Талгат Турсынович, іргелес аумақты көріктендіру;
2. «AVS Plast» ЖШС – атқарушы директоры Иванов Денис Валерьевич, терезелерді жеткізу және монтаждау;
3. «Эксклюзив Строй Гарант» ЖШС – директоры Жахсылых Шындаулет, қабырғалар мен арақалқаларды кірпішпен қалау, темірбетон бұйымдарын монтаждау;
4. «Sofia» ЖК – Хан Алексей Алексеевич, кабельдік өнімді дайындау және монтаждау;
5. «Көкше-Құрылыс-Р» ЖШС – жобаның бас инженері Лаевский Валерий Иванович;
6. Техникалық қадағалау сарапшысы – Оспан Қайролла Тұрлыбекұлы;
7. «PRIME TOUR ASTANA» ЖШС – жетекші Джусупов Дулат Тулеуович, керме төбені монтаждау және орнату.

Жаңа «Игілік-1» көп пәтерлі тұрғын үй туралы келесі сілтеме арқылы «жобалар» тарауында танысуға болады.