«Игілік-1» көп пәтерлі тұрғын үйі

«Игілік-1» көп пәтерлі тұрғын үйі 2020 жылғы 12 ақпанда ресми түрде ашылды.

Жобаның ресми таныстырылымымен келесі сілтеме арқылы толығырақ танысуға болады.

«Игілік-1» үш қабатты, көп пәтерлі тұрғын үйі компанияның тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік нысаны болып табылады және 52 бір бөлмелі студия-пәтерден, шығаберісі басты көшеге қарап тұрған 6 дүкеннен, 10 кеңсе орынжайынан, 5 қойма орынжайынан тұрады.

 

Студия-пәтерлер уақытша тұру үшін жалға беріледі. Әр пәтерде «сақадай сай» етіп, таза жөндеу жүргізілген, толық жиһаздандырылған және барлық қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталған.

Үйдің 1-ші қабатында шығаберісі басты көшеге қарап тұрған 6 дүкен орналасқан. Әр дүкен жеке санитарлық түйінмен және қосалқы орынжаймен қамтамасыз етілген.

Үйдің жертөле қабатында 10 кеңсе бөлмесі мен 5 қойма орынжайы орналасқан.

«Игілік-1» көп пәтерлі тұрғын үйде пәтер жалдау шарттары туралы толығырақ ақпаратты 8-701-599-4535 нөмірі бойынша алуға болады.